Клиника туралы

«Open Clinic»  медициналық орталықтары өз клиенттеріне есігін 2005 жылы ашты. Біз жұмыс істеу барысында әр түрлі аурулармен күрес барысында емделушілерге емнің дәстүрлі әдістерін де, инновациялы технологияларды қолдануда да алға қадам басуымызды жалғастыра береміз. Біз өтініш жасаған адамдардың барлығына көмек көрсетеміз: бізге еліміздің кез келген ауданынан, сонымен қатар компанияның сақтандыру полисі бар клиенттер жүгіне алады.

«Open Clinic»— мыңдаған емделушіге арналған білікті, сенімді және уақытылы көмек кепілгері: күн сайын біз қызмет көрсеткен клиенттер аясы кеңеюде, кейбіреуіне балалар да, ересек адамдар да көмек ала алатын нағыз отбасылық клиникаға айналдық. «Open Clinic» клиникалар желісінің географиясы мен адамға көрсетілетін көмек көкжиегін кеңейтуде – қазіргі күннің өзінде Алматы, Астана, Атырау және Құлсары  қалаларында 4 кешенді филиал жұмыс істейді.

Өз жұмысымызда біз әрдайым төмендегі қағидаттарды жүзеге асырамыз:

  • кәсіпқойлық — клиникада өз ісінің нағыз шеберлері, диагностикалау мен емдеуде орасан зор тәжірбиеге ие дәрігерлер жұмыс істейді;
  • дара тіл табу — әр клиентке барлық ерекшеліктерді ескере отырып, жеке емдеу бағдарламасы таңдап алынады;
  • құпиялылық — біздің клиниканың маманына қаралуыңыздың барлық егжей-тегжейі емдеу мекемесінің ішінде қалады;
  • көп салалық — біздің команда терапия, педиатрия, гинекология, урология және хирургия, стоматология және т.б. салаларында медициналық қызметтің кең спектрін көрсетеді.
  • қолжетімділік — біз желінің кеңеюімен айналысудамыз және сапалы медициналық көмекті кез келген адам ала алатындай Компанияның жаңа филиалдарын ашуға дайындық үстіндеміз.

Диагностикалау мен емдеуге арналған жаңа құрылғылар, адам ағзасының барлық жүйесінің кешенді талдауына арналған сенімді зертханалармен серіктестік бізге диагноз анықтауда және емдік шараларды белгілеуде максималды объективті түрде қарауда көмегі орасан зор.

«Open Clinic» артықшылықтары:

  1. Отбасылық дәрігерлердің тәуліктік шығуы — тіпті жедел жағдай орын алған кездің өзінде отбасыңыздың кез келген мүшесі кез келген уақытта маманның көмегін ала алады.
  2. Қазақстанның 4 қаласында да жоғары сапалы қызмет — сіз мемлекет ішінде іссапарда, демалыста және саяхатта жүрсеңіз де, біз сіздің денсаулығыңыздың қамын ойлаймыз.
  3. Шетелде check-up ұйымдастыру – Түркия, Германия, Корея және басқа да мемлекеттердің шетелдік орталықтарында емделу барысында жайлы орналасуыңызды біз толықтай ұйымдастырамыз.