Этикалық ережелер мен қағидалар

Медициналық этика саясатын 5 негізгі қағида анықтайды, соған сәйкес «Open Clinic»  қызметкерлері медициналық қызмет көрсетіп, тараптардың даулы мәселелерін біздің компания қалайша қабылдап, шешетінін көрсетеді.

Бұл қағидалар Бүкіләлемдік Медициналық Ассоциациясының «Емделушінің құқығы туралы» Лиссабон декларациясы иен БМА «Медициналық этиканың халықаралық кодексінен» алынған.

  1. Барлық медициналық қаралулар, емдеу шаралары тек қана медициналық есепке байланысты ұсынылып, жүргізілуі тиісс және коммерциялық мақсатқа тәуелсіз болуы керек;
  2. Емделуші ақпараттандырылуы тиіс және өзінің тексерілуі мен емі туралы өзіне түсінікті түрде және тілде шешім қабылдауына мүмкіндігі болуы керек;
  3. Дәрілік препараттарды белгілеу қаржылық мақсаттар мен басқа да себептерге тәуелсіз объективті, адекватты және кәсіби медициналық шешім негізінде жүзеге асырылуы тиіс;
  4. Тексерілу және емделу тәуелсіз, адекватты және кәсіби медициналық шешімге негізделуі тиіс. Емделушілерді медициналық мекемелерге бағыттау дер кезінде және тек қана медициналық түсінік бойынша болуы тиіс. Емделушілерді бағыттайтын дәрігерлер мен ұйымдардың арасындағы сыйақы тыйым салынған;
  5. Қаржылық шешімдер тікелей емделуші мен есепшот ұсынатын компания арасында, медициналық қызметкер мен емделуші/емделушінің туысқаны арасында төлемақы жүргізу мен сыйақы көрсетудің басқа да әдістерін жоб үшін ресми шараларға сәйкес жүзеге асырылады.

Медициналық қызметкердің борышы

Медициналық қызметкердің борышы – кәсіби тәуелсіздікті сақтау. Медициналық көмек көрсете отырып, ол өзіне кәсіби шешім қабылдаудың барлық жауапкершілігін қабылдайды және әкімшілік, емделуші немесе басқа да тұлғалардың тарапынан болатын кез келген қысымды қабылдамауға міндетті.

Медициналық қызметкер заңнамаға, этикалық қағидаларға, кәсіби борышқа қайшы келетін әрекетті талап ететін кез келген физикалық немесе заңды тұлғамен бірге қымет істеуден бас тартуы керек. Консилиум, комиссиялар, консультациялар, сараптамаларға және т.б. қатыса отырып, медициналық қызметкер нақты әрі ашық түрде өз позициясы туралы айтып, өзіндік көзқарасын ұстанып, ал қысым болған жағдайда – қоғамдық әрі заңды қорғауға жүгінуге міндетті.

Емделушінің ар-намысын құрметтеу

Медициналық қызметкер емделушінің ар-намысын құрметтеуге, емделушіге және оның туысқандарына ықыласты әрі сабырлы қарым-қатынаста болуы керек; медициналық көмек емделушінің еркіндігі мен ар-намысына  пен емделушінің ең төмен деңгейде қысым көрсету шарттарында көрсетіледі.

Емделушіге деген дөрекі әрі ізгіліксіз қарым-қатынас, емделушілердің арасынан кімде-кімге медициналық қызметкердің тарапынан үстемдік көрсетудің кез келген белгісі немесе жақтырмауына жол жоқ.

Жедел қызметті талап ететін жағдайлар кезінде жедел медициналық көмекті қажет етіп жатқандардың барлығы (жазатайым оқиға, зақымдану, улану және басқа да өмірге қауіпті жедел жағдайларда) төлем жүргізуіне қабілеттілігі мен сақтандыру медициналық полисінің болу-болмауына тәуелсіз медициналық қызметкерлер қабылдап, тексеру жүргізеді.

Дәрігерлік құпия

Емделуші барлық дәрігерлік және жеке ақпаратты құпияда сақталуына сенуге құқығы бар. Медициналық қызметкерлер емделушінің рұқсатынсыз немесе тексеру мен емделу барысында алынған деректерді, соның ішінде медициналық көмекке жүгінгендігі туралы деректің өзін қоса есептегенде, оның заңды өкілінің рұқсатынсыз жариялауға құқығы жоқ.

Емделуші туралы медициналық ақпарат мынадай жағдайларда жариялануы мүмкін:

  • Емделушінің анық жазылған жазбаша келісімі бойынша;
  • Өзінің жағдайының салдарынан еркіндігін көрсетуге қабілетсіз азаматты тексеру мен емдеу мақсатында;
  • Инфекция, жаппай улану мен зақымданудың таралу қаупі кезінде;
  • Тергеу амалдары немесе соттың істі қарауын жүргізуіне байланысты тергеу органдарының, соттың сұратуы бойынша;
  • 15 жастан аспаған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету қажет болған жағдайда оның ата-анасы немесе заңды өкілін ақпараттандыру үшін;
  • азаматтың денсаулығына залал құқыққа қайшы әрекеттердің нәтижесінде келтірілгенін болжайтын негіздеменің болуы кезінде.

Медициналық қызметкер медициналық құпияның ашылуына кедергі келтіретін шараларды қолдануы керек.

Сырқат адамның ғылыми зерттеу, студенттерді оқыту мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру процестеріне қатысуы тек емделушінің немесе оның ата-анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін. Емделушінің қайтыс болуы медициналық құпияны сақтау міндетінен босатпайды.

Алқалылық

Медициналық қызметкерлер арасындағы қары-қатынас өзара сыйластықта, сенімде құрылуы тиіс, мінсіздік пен емделушінің мүддесін сақтаумен ерекшеленуі керек. Әріптестермен қарым-қатынаста медициналық мекеменің кез келген қызметкері адал, әділетті, игілікті, парасатты болуы керек, олардың білімдері мен тәжірбиелеріне құрметпен қарап, сонымен қатар өзінің білімі мен тәжірбиесін адал ниетпен беруге дайын болуы керек. Әріптесіне бағытталған сын дәлелді әрі қорламайтындай, қызметкердің жеке басына емес, тек кәсіби әрекеттеріне жататындай сын болуы керек.

Өзінің беделін әріптестерінің беделін түсіру, қызметтестері және жұмысы туралы емделушілердің және оның туысқандарының көзінше  жағымсыз пікір айту арқылы көтеру талпыныстарына жол берілмейді.

Медициналық қызметкерге жол беруге болмайтын әрекеттер

Білімі мен өз жағдайын теріс мақсатта пайдалану кәсіби әрекетке сай келмейді.

Медицинский қызметкердің:

  • өз білімі мен мүмкіндіктерін ізгіліксіз мақсатты қолдануға;
  • қажетті негіздемесіз медициналық шараларды қолдануға немесе бас тартуға;
  • емделушіге оны жазалау мақсатында, сонымен қатар үшінші жақтың мүддесі үшін медициналық ықпал ету әдістерін қолдануға;
  • емделушіге өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын таңуға;
  • емделушіге қасақана физикалық, адамгершілік немесе материалдық шығын келтіруге немесе үшінші жақтың осындай шығын келтіретін әрекетіне бейберекет, атүсті қарауына

 

Құқығы жоқ.

Медициналық қызметкердің жеке теріс ұғымы мен басқа да кәсібилікке жатпайтын дәлелдер тексерілу мен емделуге өз ықпалын тигізбеуі керек. Медициналық қызмет өз жағдайын, емделушінің психологиялық тұрақсыздығын пайдалана отырып, онымен қандай да бір мүліктік мәмілеге келуге, өз мүддесі үшін оның еңбегін пайдалануға, сонымен қатар бопсалаушылық пен жемқорлықпен айналысуға құқығы жоқ.