FAQs

СІЗ ҮЛГІНІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, СҰРАҚ ҚОЯ АЛАСЫЗ:

 

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:

В?

Шетелде емделу қалай ұйымдастырылады?

О.

«Open Clinic» медициналық орталығының мамандары шетел клиникаларында емделумен байланысты:

  • өткізілген диагностика мен емдеу шараларын есепке ала отырып, медициналық құжаттарды дайындау;
  • қонақ үй/апартаменттерді таңдау және брондау;
  • аэропорттан күтіп алу және тұрақтайтын мекенжайға дейінгі трансфер;
  • барлық консультациялар мен тексерілулерге алып жүру;
  • жергілікті ұялы байланысты орнату;
  • шетелде диагностика мен емдеудің барлық кезеңінде бірге алып жүретін жеке орыстілді консультант, сонымен қатар бөтен елде жүрген кезде туындайтын барлық тұрмыстық сұрақтарды шешу барысында көмектесу секілді барлық сәттерді дайындап, ұйымдастырады.

Шетел клиникаларында емделу шарттары туралы толығырақ ақпаратты біздің консультанттардан  +7 727 222 22 12 телефоны арқылы біле аласыз.

В?

Клиника демалыс күндері жұмыс істейді ме?

О.

«Open Clinic» желісінің барлық клиника демалыссыз әрі мейрам күндері де жұмыс істейді, дәрігерге қабылдау сағат 8. 00-ден 20.00-ге дейін алдын-ала жазылу бойынша жүргізіледі. Қатты қажеттілік пен денсаулықтың күрт төмендеуі жағдайы орын алса, қабылдауды жазылусыз жүргізуге болады, сонымен қатар дәрігерді үйге шақыру қызметі де қарастырылған. Мамандарды қабылдау кестесі туралы толығырақ ақпаратты Байланыс бөлімінен немесе «Open Clinic»-тің жақын жерде орналасқан клиникасына телефон шалу арқылы ала аласыз.

В?

Дәрігерлердің қызметін қалай төлеуге болады?

О.

Қабылдаудың қызмет төлемін қолма-қол ақшамен де, картамен де жүргізуге болады: біз төлемге VISA, MasterCard, UnionCard қабылдаймыз. Заңды тұлғалар үшін депозит дүйесі жасалған: толығырақ мына телефон нөмірі бойынша біле аласыз +7 727 222 22 12

В?

«Open Clinic»-те диагностиканың қандай түрлерінен өтуге болады?

О.

Біздің клиниканың қазіргі заманғы зертханалық және басқа жабдықтар зертханалық диагностиканың барлық түрінен өтуге (жалпыклиникалық жіне биохимиялық) және аспаптық диагностикадан өтуге мүмкіндік береді. Диганостиканың барлық трімен біздің консультанттар таныстырып, арнайы мамандарға бағыттайды.