Физикалық тұлғаларға арналған қызметтер

«Open Clinic»-те сізге диагностика мен емдеудің ең тиімді әрі ұтымды бағдарламаларды таңдап береді. Біздің міндетіміз – сізге денсаулығыңызды, өзіңізге деген сенімділік пен күш-қуатыңызды ұзақ жылдарға дейін қайтару. Клиенттерімізге біз төмендегідей қызметтерді ұсынамыз:

  1. Шетелде емделуді ұйымдастыру — қажет болған жағдайда ең жақсы шетел клиникаларында емдеу бойынша ұйымдастыру барысында туындайтын сұрақтар біздің мамандарымыздың мойнында: қажет құжаттарды рәсімдеу, емдеу орнына дейін трансферді ұйымдастыру, билеттер мен орналасуға арналған орындарды брондау, емдеу барысында еріп жүру, соның ішінде ауызша аударуды енгізу
  2. Ниеттестік бағдарламасы — клиниканың тұрақты клиенттеріне арналған әр түрлі бонустарды ұсынамыз, Алматы, Астана, Атырау және Құлсары қалаларында біздің кез келген бөлімде медициналық қызмет көрсетуге қалған жылдарға барлық қызметтер бойынша жеңілдіктерге ие боласыз.бізбен бірге сіздер барлық отбасының денсаулығын сақтап қана қоймай, жеке бюджетіңізді де үнемдейсіз. Акция бөлімінде тиімді ұсыныстарды бақылаңыз.
  3. GBG — барлық әлем бойынша халықаралық сақтандыру, мұндай қызмет түрі шетелге іссапармен жиі шығатын немесе басқа мемлекетте келісімшарт бойынша қызмет ететін кез келген адамға қызықты. Шетелдегі студенттік сақтандыру — өз оқуын шетел оқу орындарында жалғастыруды қалайтындарға қажетті. Бізбен бірге шетелде студенттік сақтандыру қолжетімді болады – біз барлық құжаттардың жиынтығын рәсімдеуге тиімді бағалар ұсынамыз. Сонымен қатар, халықарадық медициналық сақтандыруды рәсімдеу әлемдік стандарттағы медициналық қызметтерді алуға және жоғары технологиялы процедураларды сапаның жоғары сатысында жүргізуге есік ашады. Толығырақ сілтеме бойынша:
  4. «Денсаулық сферасы» бағдарламасы — біздің серіктес – «МСК» сақтандыру компаниясының халықаралық медициналық қызмет көрсету саласындағы нағыз кәсіпқойы испандық компания Sphera Global Gestión Médica Internacional S.L.-мен ынтымақтастық барысында дайындалған бірегей ұсынысы. Азаматтыққа тәуелсіз және Қазақстанның кез келген елді-мекенінде жоғары сапалы медицинадық қызметтің толық спектрін аласыз. Клиенттердің ыңғайына орай төлемнің 3 деңгейі ұсынылады: CLASSIC, SILVER, GOLD. Толығырақ сілтеме бойынша:
  5. Күндізгі стационар мен үйге қайту трансферін ұйымдастыру — қажеттілік туындағанда емделушінің қажетті процедурадан өтуі үшін жабдықталған және жылдам жеткізу. Сонымен қатар, біздің мамандар жедел көмек көрсету, анализдерді алу және медициналық манипуляцияларды жүргізу үшін сіздердің үйлеріңізге шығады.
  6. Абонементтер (депозиттер) — белсенді өмір салтын ұстануға дағдыланған және өз денсаулығының жағдайын дер кезінде бақылауға алатын адамдарған арналған ыңғайлы әрі тиімді нұсқа. Келісімшарт шеңберінде қаржы енгізе отырып, сіз кез келген күні біздің дәрігерлердің кез келген қызметін ала аласыз. Сіз депозитіңізді кез келген сомада толтыра аласызз, әрекет ету мерзімі шектелмеген және депозиттегі ақшаны тауысқаннан кейін аяқталады. Біздің абонементтің шеңберінде бір отбасының мүшелеріне қызмет көрсетіледі, жоғары сапалы медициналық қызметтерді ала алады.
  7. Сауықтыру бойынша бағдарламалар — денсаулығыңыз бен өмірлік тонусыңызды бірқалыпты ұстаудың тиімді әрі ыңғайлы әдісін,бағдарламалар тізімін арнайы бөлімнен таба аласыз.