Заңды тұлғаларға арналған қызмет түрлері

Сіздің қыметкерлеріңіздің денсаулығына қамқор болу – біздің сенімді қолдарымызда. Медициналық қызмет көрсетудің ұжымдық келісімшартына сәйкес төмендегі жағдайларға кепілдік береміз:

  • Депозиттік жүйе— қаржы енгізе отырып, сіз кепілді түрде медициналық орталықтан барлық отбасыңызға арналған медициналық көмекке қол жеткізесіз;
  • Сақтандыру бағдарламасы — біздің консультанттар медицинадық сақтандырудың ең тиімді нұсқаларын ұсынады, кез келген қызметкерді сақтандыру бойынша барлық сұрақтарына жауап береді және құжаттардың толық пакетін дайындайды (консультацияе, мед.сақтандыруды таңдауда көмек, келісімшартты рәсімдеу, кешенді check-up)
  • Семинарлар мен дәрістер — біздің мамандардың жұмыстарының профилактикалық бағыты әр түрлі аурулардан қорғану әдістерін уақытылы анықтауға, кезеңдік диспансерлеу мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы әдістерінің қажеттілігі туралы білуге көмегін тигізеді;
  • Ниеттестік бағдарламасы — ұжымдық клиенттердің назарына ыңғайлы жағдайда жоғары класты медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бонустар мен акциялар берілген.
  • Барлық отбасы мүшелерін 1-2 күн ішінде жедел тексеру. Жеке бағыттар бойынша check-up дайындау (гинекология, лор, урология, педиатр және т.б.)
  • Типтік нұсқаулыққа сәйкес жүргізілетін өндірістің барлық түріне арналған медициналық және профилактикалық тексерулер

Проф.тексеруден өтуге дайындалуға арналған типтік нұсқаулық

Жұмыс берушінің әрекеті:

  • Компанияда зиянды факторлар мен орындарды есепке ала отырып, қызметкерлердің аты-жөні тізімін құру;
  • Әрбір қызметкерге профтексеруден өтуге арналған жолдама беру;
  • Қызметкерлерді белгіленген күні мен мезгілінде профтексеруден өтуі туралы хабарлау;
  • Компания қызметкерлерінің профтексеруден өту күндерін анықтау және тікелей медициналық орталықта тексеруден өтуге арналған ыңғайлы уақытты таңдау;

Қызметкердің әрекеттері:

  • Профтексеру барысында қызметкер жұмыс беруші берген жолдамамен бірге келуі керек;
  • Қолда бар болған жағдайда медициналық кітапшаны беру;
  • Психиатрлік және наркологиялық диспансерлерден анықтама дайындау;
  • Дәрігерді қызметкерінің тұқым қуалайтын аурулары мен басқа да қарсы көрсетімнің бар екендігін ескерту (препаратты көтере алмау, аллергиялық реакциялар